Polisia.kz-тің дерегінше, Семей қаласы ПБ-ға 43 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған.
2023 жылдың қаңтарында алаяққа сеніп, 600 мың теңгесінен айырылғанын айтқан.
Күдіктінің берген уәдесі іске аспайтынына көзі жеткен тұрғын полицияға жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, алаяқ «диплом алуға көмектесемін» деп ақша алып, уәдесін орындамаған.
«Жедел іздестіру нәтижесінде, 55 жастағы күдікті ұсталды. Жауап алу барысында ол кінәсін мойындады. Қаражатты өз қажетіне жұмсаған», – деді ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Алаяқтық дерекке қатысты ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.