Қостанай облысында отбасымен табиғат аясына демалуға шыққан 13 жастағы жасөспірімді жылан шағып алды, – деп хабарлады Кstnews.kz.
Қызға алғашқы көмекті ата-анасы жасаған. Олар жараны таңып, дәрі берген. Ал 24 шілдеде балалар облыстық ауруханасының жарақат бөліміне барған.
«Ол жерде некроз пайда болып, қолы мен оң жақ кеуде тұсы толық ісініп кеткен. Осыған байланысты шынтағын бүге алмаған», – деп түсіндірді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.
Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бірден жыланның уына қарсы сарысу, гангренаға қарсы сарысу егілді, сондай-ақ бактерияға қарсы және уыттылыққа қарсы терапия жүргізілді.
«Қыздың жағдайы ауыр, тұрақты. Ісік басылып келеді. Қозғалыс динамикасы толық қалпына келді. Біз оң динамика болады деп үміттенеміз. Қыз бала әлі жансақтау бөлімінде және қарқынды терапия алып жатыр», – деді Н.Ержанов.