Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құрманбек Жұмағали «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» төрағасы қызметіне тағайындалды
1,056
оқылды

Құрманбек Жұмағали «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ұжымға жаңа басшыны таныстырды. 

Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы 1985 жылы 27 тамызда дүниеге келген.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетін тәмамдаған.

Масс-медиа, телеменеджмент саласында және жергілікті атқарушы органдарда 10 жылға жуық тәжірибесі бар:

- 2004-2007 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-да бағдарламалардың жүргізуші-редакторы;

- 2007-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері;

- «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі.

- 2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі;

- 2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі;

- 2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Аймақтық дамыту дирекциясының директоры;

- 2017 жылы «Алматы» телеарнасы бас директорының бірінші орынбасары;

- 2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;

- 2018-2019 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС директоры;

- 2019 жылдың 10 маусымынан бастап «Қазақстан «РТРК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары;

- 2019-2021 жылдар аралығында «Астана» телеарнасының бас директоры.

2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «31» медиахолдингінің бас директоры қызметін атқарды.