Арқалық қаласында әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бұрынғы басшысы Омарова үш адамды қоғамдық жұмысқа орналастырған болып, жалақысын өзі алып отырған. Мемлекетке 1,4 миллион теңге шығын келді.
Шенеунік әйел жалған жұмысшылардың атынан жалақы алып келген
706
оқылды

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, "жұмысшылар" күйеуіне тиесілі шаруа қожалығында жұмыс істеген.

Прокуратура істі сотқа жібере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі (Қызмет бабын асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Арқалық қалалық сотының 18 шілдедегі үкімімен Омарова Қ.А. кінәлі деп танылып, рақымшылық актісі бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі негізгі жазадан босатылды, сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.