27 шілдеде Ақкөл аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне телефон арқылы Ақкөл қаласындағы "Наука-1" саяжайында су құбырын жүргізу кезінде ер адамның қайтыс болғаны туралы медбикеден хабар түскен.
Оқиға орнына облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы аттанды. Тәртіп сақшылары ені бір жарым метр, тереңдігі екі метр қазылған шұңқырды қарап шықты.
"Осы күні сағат 16.30 шамасында 59 жастағы ер адам үй иесімен ауызша келісім бойынша су құбырын тарту үшін шұңқыр қазып жатқаны анықталды. Тереңдігі екі метрге жеткен шұңқырды қазу барысында топырақ опырылып, үйінді астында қалып қойған жұмысшы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", – делінген хабарламада.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 156-бабы "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.