ҚР Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы қауесетті жоққа шығарды.
Ресейге жіберіліп жатқан біздің әскери техника емес – Қорғаныс министрлігі
2,351
оқылды

«Қазақстандық әскери техниканы Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ, бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын атап өтті.

«Осыған байланысты, азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз», – дейді ҚР ҚМ.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде әскери техникалар тиелген жүк көліктерінің суреті тараған болатын.