Сумен қамтамасыз етудің көрсетілген кестесі табиғи құбылыстарға байланысты өзгереді.
Алматының Медеу ауданының тұрғындарына су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енгізілді
770
оқылды

"Алматы Су" Медеу ауданының тұрғындарына су беру және тоқтату кестесіне өзгерістер енгізді.

Медеу ауданында су беру мен тоқтатудың уақытша кестесі биыл 31 шілде сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жарамды.

«Медеу ауданының оңтүстік бөлігін сумен жабдықтаудағы шектеу табиғи құбылыстарға байланысты. Бұрын хабарланғандай, аптап ыстық салдарынан мұздықтардың еруіне, сел және өзен жағалауларын су шаюға байланысты тау өзендерде бастапқы судың лайлануының өте жоғары концентрациясы сақталып отыр. Сондықтан су тазарту станцияларында су дайындауда қажетті су көлемін уақытша ала алмай жатыр. Суды зертханалық зерттеу сағат сайын жүргізіледі. Сүзгі станциясы арқылы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін лайлылық деңгейі 30-40 мг/дм3 дейін төмендеуі керек. Қазіргі уақытта ол 170-340 мг/дм3 аралығында», – делінген хабарламада.

Бүгінде Қаппаров көшесінде орналасқан «Трамплиндер» сорғы станциясы қосылды. Сонымен қатар Достық даңғылы, 300 бойындағы №13 су жинау алаңында ауызсу деңгейінің жиналуына байланысты Тайманов, Иванилов, Игишев көшелеріндегі тұрғын үй құрылыстарына тәулік бойы су беру қосымша қалпына келтірілді.

«Кочевники» сорғы станциясы қосылып, Жамақаев көшесінің оңтүстігіндегі тұрғын алабын сумен жабдықтау қалпына келтірілді (Мәшһүр Жүсіп көшесі, 4, 5, 6 көшелері). Аталған резервуарларға су 31 шілде мен 2 тамыз аралығында жиналады», – деп хабарлады «Алматы судан».

Сондай-ақ 31 шілде, 1 тамыз және 2 тамыз күндері мына аумаққа су беріледі: Сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін әл-Фараби, Луганский, Чайкин, Тайманов көшелеріндегі көппәтерлі тұрғын үйлерге.

Сағат 19:00-ден 24:00-ге дейін Құрмет көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушыларға, оның ішінде «Юбилейный» шағын ауданы, Каменск үстірті, Европолис тұрғын үй кешені, Алем қалашығы, Алмалы тұрғын үй кешені, Керей – Жәнібек хандар көшесінің екі жағындағы көппәтерлі тұрғын үйлер.

Сағат 13:00-ден 19:00-ге дейін және сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін резервуарларға су жинақталады.

«Сумен қамтамасыз етудің көрсетілген кестесі табиғи құбылыстарға байланысты өзгереді. Бұл туралы қосымша хабарланады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, мүмкіндігінше суаруды шектеуді және суды үнемдеуді сұраймыз. Тұрғындар үшін желіге берілетін су көлемін көбейту мақсатында суды көп тұтынатын нысандарға (көлік жуу, монша) су беру уақытша тоқтатылады. Әлеуметтік нысандар тәулік бойы тасымалданатын сумен қамтамасыз етіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде су автоцистерналармен тасымалданады», – деп атап өтті «Алматы Су» МКК.