Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
Өртке қарсы киім сатып алуға 918 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінеді
787
оқылды

Үкімет орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлерін төтенше жағдайлар кезінде қосымша қорғаныспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.

Құжатқа сәйкес, Үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді.

Бұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесінің қызметкерлерін механикалық жарақаттанудан, гипотермияның, агрессивті сұйық құрамдардың, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшылардың бастарын соққыдан сақтауға, сондай-ақ басқа механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін өртке қарсы киіммен жабдықтауға мүмкіндік береді деп көзделіп отыр.