Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады.
Бәсекелестік жағдайы жөнінде есеп берілді
972
оқылды

Президентке биылғы бірінші жартыжылдық­тағы бәсекелестік жағдайы және негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікке кедергі кел­тіретін тосқауылдар жөнінде есеп берілді. 

Мемлекет басшысына монополияға қарсы тергеу амалдарының аралық нәтижелері, эко­номиканы монополиядан арылту және бәсеке­лестікті дамыту үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ монополияға қарсы органның рөлін күшейту мәселесі туралы баяндалды. Жыл ба­сынан бері монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректері бойынша 48 істі тергеу аяқталды. Сондай-ақ 33 іс тергеліп жатыр. Бұл ретте жо­сықсыз нарық субъектілеріне 3,5 миллиард теңгеден астам айыппұл санкциясы салынды. Соттың қарауында 40-тан астам монополияға қарсы іс бар.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасының негізгі салаларын монопо­лиядан арылту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру ісін жалғастыруды және бәсеке­лестікті дамыту бойынша қосымша ұсыныстар дайындауды тапсырды.