Павлодар облысындағы ауылда 80-нен астам қой қырылды, ұсақ қара малға жабайы иттер шабуылдаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар облысында жабайы иттердің шабуылынан 80-нен астам қой қырылды
538
оқылды

Әлеуметтік желіде Павлодар ауданы Кемеңгер ауылында малдардың қырылған видеосы тарады. Ветеринарлар бұл жағдайды тексеру үшін оқиға орнына барған. 

"29 шілдеде түнде Кемеңгер ауылында ұсақ қара мал, атап айтқанда 83 қой қырылды. Жабайы иттер 15 қойды кеміріп тастады, ал қалған малдар қорыққаннан тапталып мертікті", - дейді Павлодар облыстық ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов

Оның сөзінше, ветеринариялық станцияның қызметкерлері екі жабайы итті ұстады. Олар 10 күн бақылауда болады. 

Қырылған малдан зерттеуге материалдар алынды. Иттердің құттыру белгілері расталса, утилизация мәселесі қарастырылады.

Аталған факт бойынша облыстық полиция департаменті облыстық ветеринарлық инспекциямен бірге тексеріс жұмыстарын бастады, себептері анықталып жатыр.