Ұланғасыр Қамиев бейненің өтірігі мен расы бар екенін айтып, жоққа шығарды.
Әнші Ұланғасыр Қамиев желіде жарияланған видеоға қатысты жауап берді
2,315
оқылды

Әнші Ұланғасыр Қамиев мас күйінде соққыға жығылмағанын айтып, видеоның өтірік екенін мәлімдеді.

Еске салайық, 29 шілдеде Жетісу облысы Үшарал қаласында ішімдікке мас күйінде әнші қонақтармен төбелесіп, соққыға жығылғаны туралы видео тарады.

Әлеуметтік желіде видеодағы жігіт әнші Ұланғасыр Қамиев екені айтылды.

Ұланғасыр Қамиев осы видеоға қатысты былай деп пікір білдірді.

«Графиктің тығыздығына байланысты кеше қайда болғаным есімде жоқ. Бүгін Арқалық қаласына келдік. Бұл жаққа жол ұзақ екен. Жолда байланыс ұстамады. Жолдан келіп қоссақ, желіде мен туралы шулап кетіпті. Дос-жаран, туған-туыстардың бәрі «не болды», «қалың қалай» деп сұрады. Қазір жағдай жақсы, шүкір. Бейнедегідей қатты ештеңе болған жоқ. Біздің етіміз үйреніп қалған шығар. Ондай видеоларға сенудің керегі жоқ. Оның расы мен өтірігі бар. Қазір бәрі жақсы. Әсіресе, желіде таратушы сайттардың иелері аман болыңыздар», – деді Ұланғасыр Қамиев.

Фото: Әншінің жеке мұрағатынан