Зардап шеккендердің ішінде - 26 бала, 2 жүкті әйел, 6 адам жергілікті жерде медициналық көмек алды, төртеуі емдеуге жатудан бас тартты.
Өрт орнына жедел медициналық жәрдем қызметінің 23 бригадасы, оның ішінде 5 мамандандырылған (дәрігерлік бригада), 18 фельдшерлік бригада жіберілді.
Өрттен зардап шеккен адамдар келесі стационарларға жеткізілді: шұғыл пациенттерді қабылдауға дайындалған № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы, балалар шұғыл медициналық көмек орталығы, № 7 қалалық клиникалық аурухана, жедел медициналық көмек ауруханасы, орталық қалалық клиникалық аурухана, №4 қалалық клиникалық аурухана.
Қазіргі уақытта балалар ауруханасының реанимациясында 4 пациент бар.
Өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнында бір жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік етуде.