1 тамыз Мақтаарал аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғын Гүлсім Нарджигитованың жоғалғаны туралы хабарлама түсті, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
31 шілде сағат 11.00 шамасында үйінен Дихан ауылына шығып, содан қайтып оралмаған. Факт полиция бөліміне тіркелді. Әйелді іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы бірден бағыт алды. Әйелдің белгілері жазылған, фотосуреттері бар ақпарат барлық қалалық және аудандық ПБ-ға жіберілді.
Жергілікті тұрғындардан құрылған еріктілермен бірге әйелдің баруы мүмкін барлық жақын аумақтар тексерілуде. Дихан ауылында аудан әкімінің, прокуратураның, аудандық полиция бөлімі басшылығының, ауылдық билердің, мешіт имамының және ауыл әкімінің қатысуымен штаб құрылды.
Белгілері: бойы 160 см, орта денелі, шашы ұзын қара түсті. Үстіне қызыл көйлек, ақ түсті жазғы аяқкиім киген. Қызыл сөмкесі мен ұялы телефоны болған.