Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар 1,28 теңгеге төмендеп, 1 доллар 443, 66 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 445, 04 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 443,9 теңге, сатып алу – 446 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша АҚШ валютасы 442,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 446 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,71-4,95 теңге аралығында, Астанада 5,48-5,58 теңге аралығында сатылуда.