8 және 9 жастағы екі бала оқиға орнында жан тапсырды.
Қостанай облысында бір отбасының төрт адамы қайғылы жағдайда көз жұмды
1,466
оқылды

Тобыл өңірінде жол апатынан бір отбасының 4 адамы қаза тапты. Қайғылы оқиға Қостанай-Введенка тасжолында болған, - деп хабарлайды Astana TV. 

Телеарна хабарлауынша, Mersedes көлігін мінген 28 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, ВАЗ-2110 көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан ВАЗ жеңіл көлігінде отырған 32 жастағы жүргізуші, 29 жастағы әйелі, 8 және 9 жастағы екі бала оқиға орнында жан тапсырды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті көлік жүргізушілерді жол ережесін сақтауға шақырады,-  деді облыстық ПД ЖПҚБ басшысының орынбасары Мақсат Ойықбай. 

фото: Halyq Uni