«Футбол жолы» спорттық ойын-сауық фестивалі Шымкентте салтанатты жағдайда басталғаннан кейін, батысқа қарай бет алды. Бұл шара Қазақстанның мұнайлы шаһарының барлық жанкүйерлерін алдағы жексенбіде ұмытылмас уақыт өткізуге шақырады.
«Ақтау, пасты қабылда!»: «Футбол жолы» үлкен спорт фестивалі Каспий жағалауына барады
710
оқылды

Өткен аптада шымкенттіктер ауқымды спорт мерекесінің шырайын кіргізді. Еліміздің оңтүстігінен «Футбол жолы» фестивалі Қазақстан аймақтарын аралауды бастады.

Ал келесі жексенбі, 6 тамызда фестиваль Каспий жағалауындағы амфитеатрға тоқтайды. Қала тұрғындарын ойын алаңдары, мыңдаған жүлде, футбол турнирі және концерттік бағдарламасы бар керемет оқиға күтіп тұр.

Кештің басты ерекшелігі: еліміздің бас футбол жүлделерінің арнайы экспозициясы, олармен кез келген тұрғын естелік үшін фотосуретке түсе алады. Сонымен қатар  «Каспий» футбол клубының жұлдызды ойыншылары жанкүйерлерімен автограф сессиясында кездеседі.

Ақтаудағы «Футбол жолының» музыкалық хедлайнерлері: әнші Әкім (Q-pop Newton тобының экс-мүшесі), Clover тобы.

Қалалық футбол турниріне 16 жастан асқан ақтаулықтар қатыса алады. Жарыс 3х3 форматында қақпашысыз өтеді. Қатысуға өтінімді фестивальдің footballfest.kz сайтында беруге болады.

Жергілікті таңдаулылар фуд-кортта арнайы тағамдар ұсынады. Ал жақын жерде жаздың аптап ыстығынан дем алып, салқындауға болатын chill-out аймағы қызмет етеді.

«Футбол жолы» фестивалін Қазақстан футбол федерациясы мен Olimpbet букмекерлік кеңсесі ұйымдастырып, Қазақстан футболының 110 жылдығына арнап отыр.

Іс-шараға кіру тегін. Қалаңыздағы үлкен мерекені жіберіп алмаңыз!

Одан әрі «Футбол жолының» бағыты:

• 13 тамыз – Атырау қ.

• 19 тамыз – Орал қ.

• 26 тамыз – Ақтөбе қ.

• 2 қыркүйек – Көкшетау қ.

• 10 қыркүйек – Астана қ.

• 16 қыркүйек – Семей қ.