Айтуынша, видеодағы адам Ұланғасыр емес.
«Таяқ жеген Ұланғасыр емес»: Ұланғасыр Қамиевтің продюсері тараған видеоға қатысты шындықты айтты
2,571
оқылды

Әнші Ұланғасыр Қамиевтің продюсері Назерке Жартын stan.kz ақпарат агенттігіне сұхбат беріп, әнші Ұланғасыр Қамиевтің желіде тараған мас күйдегі видеосына қатысты шындықты айтты.

«Біз бұл кезде жолда едік. Алматыдан Астанаға, Астанадан Арқалыққа жолға шыққан едік. Жолда байланыс болмады. Тек Арқалыққа жеткен кезде барлық тума-туыс, жақындарымыз, достарымыз WhatsApp-қа жіберген еді. Әу баста «шок» болдық. Мұндай видео қайдан, қалай шыққанын түсінбей қалдық»,  –дейді ол.

Айтуынша, видеодағы адам Ұланғасыр емес. Сондықтан да  Ұланғасыр да мұны қалыпты қабылдаған.

«Барлық таратушылар өтірік-шыны аралас ақпаратты іліп алып, әлі де жарыса жария жасап жатыр.  Алғаш рет сіздерге сұхбат берудемін. Төбелес сәті бар видеода Ұланғасыр емес. Біз мұндай келеңсіз жағдайға тап болмадық», – дейді әншінің продюсері.