Ұлттық банк доллар мен рубльдің 4 тамызға арналған бағамын жариялады.
3 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,28 теңгеге қымбаттап, 445,03 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443 – 447 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Алматыда доллар 444,5 – 448,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Қазір ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,71 – 4,81 аралығында саудаланып жатыр.