Петропавл қаласын Ресей құрамына қосу керек деп мәлімдеген жергілікті тұрғынның ақыл-есі сау емес болып шықты.
Петропавлды Ресейге қосу керек деген тұрғынды түрмеге емес, «жындыханаға» жапты
5,227
оқылды

Петропавл қаласын Ресей құрамына қосу керек деп мәлімдеген жергілікті тұрғынның ақыл-есі сау емес болып шықты. Ол енді алдағы уақытын жүйке жүйелерін емдейтін диспансерде өткізеді,  деп хабарлайды 7152.kz сайты.

Басылымның жазуынша, Валерий Лихушин интернетте «Петр Сидоров» деген лақап атпен танымал. Ол қазақ елінің тәуелсіздігіне, жерінің тұтастығына үнемі күмән келтіріп, қазақ тіліне қатысты балағат сөздер айтумен тергеуге ілінген. Ол тіпті, Қазақстан жерін бөлшектеп, солтүстік облыстарды Ресей құрамына қосу керек деген де пікірін айтыпты.

«Бала кезінде ол жүйке жүйесінің кемістігіне байланысты диспансерде есепте тұрған және арнайы мектепті бітіріп шықты. Бірақ  кейін Лихушин есептен шығарылды. Ал сот отырысы кезінде күдікті өзін-өзі соққыға жығып, құлағына белгісіз дыбыстар естілетінін, солардың айтуы бойынша әрекет ететінін айтқан. Сот оның сөзіне сеніп, Лихушинді мәжбүрлеп емдеуге үкім шығарды», – деп жазды аталған портал.

Фото: cpzalmaty.kz