4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды.
Шығыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза тапты
777
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза тапты.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 3 тамыз күні Күршім ауданының аумағында болған.

«Күршім-Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында  Nissan Teana  маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды»,  делінген ақпаратта.

Қазір  жол апатының нақты қалай болғаны, кімнің кінәлі екені белгісіз.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Фото: egemen.kz