Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 13-30 шілде аралығында әлемде миллионнан астам адам коронавирус инфекциясына шалдығып, аталған ауруды жұқтырған 3 мыңнан аса адам қайтыс болды.
Әлемде коронавирус жұқтырушылар саны күрт артқан, 3 мың адам көз жұмды
874
оқылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ақпараттық үн парақшасында инфекцияны жұқтырушылар саны алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда 7%-ға өсіп, өлім-жітім саны 53%-ға азайғаны көрсетілген. 

COVID-19 әлі де күшінде екені нақтыланады, соған байланысты аталған ұйым мемлекеттерді ауруға қарсы құрған инфрақұрылымдарды әлі сақтауға шақырады.

"Әлемде төрт апта ішінде 1 008 194 инфекция жұқтыру және 3 132 кісі өлімі тіркелді. Төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, COVID-19 әлі де үлкен қауіп ретінде саналады. Қадағалау, есеп беру, коронавирус дертінің алдын алу, ерте клиникалық көмек көрсету, жоғары қауіпті топтарға жататындарға қайта вакциналау жүргізу өте маңызды", - деп мәлімдеді ДДСҰ.