2023 жылы 4 тамызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деп айыпталған блогер Тоқтарбек Әбиевтің ісі қаралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Астанада кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған блогер 7 жылға кесілді
615
оқылды

Сот журналист Т.-ның YouTube арнасында 2020 жылдың маусым айынан бастап ЖШС-ның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтері бар бейнероликтер жариялағанын анықтады. 2023 жылы 7 желтоқсанда ЖШС заңгерінің барлық бейнероликті жою жөніндегі талаптарына ол қарсы талапты алға тартқан. Нақтылап айтқанда, блогер 50 млн теңге сомасында ақшалай қаражат талап еткен.

"Сотта Т.-ның кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, сыртқы және ішкі бақылау камераларынан түсірілген бейнежазбалар, сараптама актілері, заттай дәлелдемелер арқылы дәлелденді.

Прокурор Әбиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қорғаушы ақтауды сұрады.

Іс айыпталушының өтініші бойынша алқабилердің қатысуымен қаралды. Алқабилер қатысқан сот үкімімен Әбиев аталған қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот сотталушының жас балалары бар екенін ескеріп, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар бар деп таныды. Сот ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - делінген сот хабарламасында.

Сот үкімімен Токберген Әбиев кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.