"Жүрсін ағаға сәлем беріп, үйіне келдім. Хәл сұрасып, жағдай білісіп, екі-үш сағат отырып әңгімелестік. Бақытжамал апай дастарқан жайды. Қызыл-күрең шай үстінде өткен-кеткенді еске алдық. Ағаның «Деген екендерін» айттық. Өзінің есінде қалмаған, ұмытып қалған әңгімелерін де айтып, еске түсірдік. Риза боп, көңілі жадырап қалды. Жүрсін аға қазір емін жалғастырып жатыр. Аптасына үш рет 4 сағаттан ауруханада жатып, процедурасын қабылдайды екен. Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуін тілейміз", – деп жазды Олжас Сыдықбек Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары ақынның жүдеп кеткенін айтып, "оның қазіргі суретін жарияламай-ақ қою керек еді" деп жатыр. "Азып кетіпті", "Ауру пілді масаға айналдырады деген осы. Шипасын берсінші", "Жүдеу суретін салмаған дұрыс" деген пікірлерін жазуда.