Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, жеңіл және ауыр жүк көліктер ағынының артуымен жол апаты көбейген.
"Атырау облысындағы республикалық жолдарда соңғы екі айда 4 ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 20 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамауы, қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты асыру. Сол себептен жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін патрульдік нарядтар шығарылды. Алайда жолдың патрульдік полиция нарядтары кездеспейтін тұсында көлік апаты жиі тіркеліп отыр", –деді ведомствоның баспасөз қызметі.