Кипр үкіметі елдегі мысықтар коронавирустан қалған вакциналармен егілетінін хабарлады. Қаңтардан бастап аралда мыңдаған мысық коронавирус мутациясынан өлген, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Аzertag.az-ға сілтеме жасап.
Коронавирустан қалған вакциналар мысықтарға егіледі
1,259
оқылды

Елдің Ауыл шаруашылығы министрлігі адамдарға арналған вакциналарды мысықтарға қолдануды ұсынды. Таблетка түріндегі вакциналарды мысықтарға ветеринарлар салатын болады.

Мысықтың жұқпалы перитониті (FIP) – Кипрдегі мысық популяциясына орасан зиян келтірген жұқпалы вирустық індет. Бұл адамға берілмейтін коронавирустың бір түрі.

Бірнеше ай бойы Кипрдегі жануар әлемін қорғаушылар Үкіметті жануарлар пандемиясына қарсы шаралар қабылдауға шақырды. Ресми статистикаға сәйкес, аралдың грек бөлігінің оңтүстігінде осы уақытқа дейін 107 мысық вирус жұқтырған. Алайда табиғатты қорғаушылардың пікірінше, бұл көрсеткіш өте төмен. Ветеринарлар Кипр мысықтарының үштен бірі осы вирустан қырылып қалды деп есептейді.

Кипрде миллионға жуық үйсіз мысық бар.