Полицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау бойынша шаралар жүргізуде.
Арыста үй салып жатқан екі адамды белгісіз біреулер атып өлтірген
1,410
оқылды

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен.

Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Ұстап алу" жоспары қабылданды.

Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда.

Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.