Бала Жаңаөзен қаласынан 65 шақырым жерде орналасқан «Кендірлі» демалыс орталығының суға түсуге жабдықталған аймағында шомылған.
Маңғыстау облысында 5 жасар қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды
645
оқылды

«Кендірлі» демалыс орталығында құтқарушылар 5 жасар қызды судан алып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қыздың тамыры соғып тұрған. Алайда бала ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының басшысы Нұржан Борашев мәлім етті, – деп хабарлайды lada.kz.

1 тамыз күні сағат 21:50-де Дағдарыс жағдайларында басқару бөліміне мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (ӨСБ-3) диспетчерінен 2018 жылы туған қыз баланың судан құтқарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Бала Жаңаөзен қаласынан 65 шақырым жерде орналасқан «Кендірлі» демалыс орталығының суға түсуге жабдықталған аймағында шомылған.

Ведомствоның хабарлауынша, алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қыздың тамыры соғып тұрған.

«Алайда, 103 диспетчерінің мәліметінше, қыз ауруханаға бара жатқан жолда көлікте қайтыс болды. «Биологиялық өлім» диагнозы қойылды. Мән-жайды анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді Нұржан Борашев.