Енді Қазақстанда ата-аналар баласын кезекке қойғанда бірден төрт балабақшаны таңдай алады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Қазақстанда ата-аналар баласын балабақша кезегіне қойғанда бірден төрт мекемені таңдай алады
2,367
оқылды

Бұл мәселе қазір Оқу-ағарту министрлігінде пысықталып жатыр.

Ыңғайлы болу үшін олар мектепке дейінгі мекемелер үшін бірыңғай кезек деректер базасын жасалмақ. Ал елді мекендердің карталарында барлық қолжетімді балабақшалар көрсетіледі.

Ата-аналар өздеріне ұнайтындарын белгілей алады. Ведомстводағылар жаңа тәсіл сәбилерді тіркеу үдерісін жылдамдатып, кезек айтарлықтай азаяды деп есептейді. Жаңалықтың қашан күшіне енетіні әзірге белгісіз.

Ведомство, сонымен қатар қыркүйектен бастап мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсетінін мәлімдеді.

“Соңғы төрт жылда мұғалімдеріміздің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсті. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары да 30%-ға ұлғайтылады. Бұл шаралардың барлығы педагогтарды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне тартуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Бүгінде бізде кадр тапшылығы бар екенін білесіздер”, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева.