Белгілі әнші Айгүл Иманбаева шетелде оқуда жүріп, әкесін ақтық сапарына шығарып сала алмаған. Бұл өкініші туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Әкемді соңғы сапарына шығарып салуға үлгермедім - Айгүл Иманбаева
15,681
оқылды

"Өмір барда өлім хақ. Әкем Жәрдемәлиев Серікқұл Сибғатұлының жамбасы бүгін жерге тиді. Алланың берген жасы 73 екен. Кеше ғана тауып, қасында өзімді кішкентай Айгүл сезініп балалығыма оралған қуанышымды Аллам маған өлшеп берген екен. Шүкір дедім. Жүрегімдегі тасты жұлып тастап 46 жасымда әкемнің қасында бақытты бала болдым, еркеледім, еркелеттім. Шүкір дедім. 

Лаура мен Дәулеттей бауыр сыйлады маған. Сіңілім Райханмен арадағы үзілген жіпті жалғадым. Анам мен әкем бір-біріне іште қалған реніштерін кешіріп, енді ғана әдемі сыйластық басталған. Үзілді...Шүкір дедім. Жаратқанның әрбір ісіне, бергеніне бәріне шүкіршілік еттім. Тек жанымды қатты қинаған менің сыртта оқуда жүріп, бүгінгі әкемді соңғы сапарына шығарып салуға үлгермегенім батты ғой.  Тапқаным кеше ғана еді, бүгін жоғалттым...Жаратқанның жоспары бізге осылай екен. Шүкіршілік еттім", - деп жазды әнші.

Ол әлеуметтік желіде ішкі әлеміндегі дүниені бөлісіп, көп нәрсе жаза алмайтынын да жеткізген.

"Біірақ менің өміріме ұқсас жандар бар, болмаса әке-шешесіне уақыт таба алмайтын, қатты сөйлейтін балалар бар. Айтарым барында бағалаңыздар. Өмір қас-қағым сәт...", - дейді ол.