Синоптиктер 10-12 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
10-12 тамыз күндері ауа райы қандай болады?
5,311
оқылды

Метеорологтардың мәліметінше, ұзақ аптаптан кейін облыстардың басым бөлігінде арктикалық ауаның салқындығы жүреді. Оңтүстік циклонның әсері елдің шығысында жалғасады.

"Республика бойынша, батыста жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Екпінді жел секундына 15-25 метрге дейін жетеді. Найзағай кезінде екпінді жел күшейеді. Республиканың батыс аймақтарында ыстық ауа райы сақталады", - делінген хабарламада.