"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы елордада өткен жиында туристік жарна мәселелері талқыланғанын мәлім етті.
Енді Астанаға келген шетелдік туристер жарна төлейді
854
оқылды

Палатадағылар Астана қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілгенін еске салды. Алайда кәсіпкерлер бірқатар мәселеге тап болды.

«Мәдениет және спорт министрлігі мұны мойындайды. Қазір бұл кемшіліктер елорданың қонақүй бизнесінің жұмысына кері әсерін тигізіп жатыр. Іс жүзінде bed tax төлеу алгоритмі жоқ. Осы жылдың сәуірінде біз мәселені қалалық мәслихат деңгейінде көтердік. Сол кезде мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына жағдайды түсініп, қажет болған жағдайда туристік жарнаны төлеудің түсінікті алгоритмі әзірленгенге дейін жарнаны салмай тұру бойынша тапсырма берді», – дейді Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиев.

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығына сәйкес, ең төменгі bedtax мқлшерлемесі – 0,3 АЕК және ең жоғары – 0,5 АЕК, статикалық мәліметтерге сәйкес туристердің өсуіне байланысты.

«Ресми статистикаға сәйкес, осы жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда шетелдік туристердің өсімі 300%-ды құрады. Астанаға 56 мың шетелдік турист келді. Өсімге сәйкес, біз туристік жарнаны 0,5 АЕК немесе 1725 теңге мөлшерінде бекітуіміз керек. Бұл туристің қонақүйде тұру құнына қарамастан белгіленген мөлшерлеме», – деді Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров.

Ол түскен қаржы Астана туризмін дамытуға жұмсалатынына сендірді.