Өскемен қаласында кәріз құдығына құлап кеткен әйел құтқарылды.
«Оқыс оқиға Қабанбай батыр мен Новаторлар көшелерінің қиылысында болған. 51 жастағы әйел серуендеп жүрген кезде құдықты байқамай құлап кеткен. Жанындағы ер адам бірден ТЖД қызметкерлеріне қоңырау шалып, көмек сұрады», - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сол жерге жедел жеткен департаменттің мамандандырылған жасақ қызметкерлері арнайы құтқару жабдығымен әйелді тереңдігі шамамен 5 метрдей болатын кәріз люгінен шығарып алды. Содан кейін оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
Құтқарушылар қандай да бір қиындыққа тап болған тұрғындарға «112» нөмірі бойынша хабарласу керегін еске салды.