Ұлттық статистика бюросы Абай күніне орай ақын есімімен аттас қазақстандықтар туралы мәліметті жариялады.
«Бүгінде елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады. Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі – 2 050 адам. Сондай-ақ ұлы ақынның есімі берілген адам саны Астанада көп – 1 930 адам. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді. Ойшыл есімі бар тұрғын саны Ұлытау өңірінде ең аз – 194 адам.
Ақынның туған өлкесінде (Абай облысы) 238 адам тұрады», – делінген ақпаратта.
Жас құрамы бойынша, Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4 297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында – 8 231 адам.