"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 12 тамызда ауа райы қандай болады?
2,257
оқылды

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12 тамызда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25-28 м/с. 12 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Астанада найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 12 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 37 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. 

Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 12 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 12-14 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 12 тамызда облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. 

Абай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта екпіні 23-28 м/с. 12 тамызда облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. 12 тамызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте 12 тамызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.