Белгілі алаштанушы, көпшілікке Елдос Алаш есімімен танымал Елдос Тоқтарбай қазақ қоғамындағы ащы шындықты жайып салды. Айтуынша, 30 жылда халық азып-тозып, елде түрлі ағым жайлаған, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Діндер, түрлі жамағат, ағым келді: Танымал тарихшы елдегі дінге қатысты бар шындықты жайып салды
5,247
оқылды

Бұл туралы ойын алаштанушы Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында мәлім етті.

«Біздің халықты аздырып-тоздырып жіберді. Қай жағынан болсын. Біз мына 30 жылдың ішінде, тәуелсіз, азаттыққа қол жеткен ел болғанда біз есік-тереземізді қымтап, ұлттық келбетімізді жасауымыз керек еді. Өкінішке қарай бізді құл қылды, қазақ тілі нашар базардың да тіліне керек болмай қалды. Тіпті базарда ташке тасып, пирожки сатып жүргеннің өзі: «Пирожки, обед, заказ, завтрак» деп айғайлайды мысалға. Қазақ тілі керек емес. Автобустың өзінде аялдаманы қазақша айтпайды. Ол аздай, діндер кірді, түрлі жамағаттар келді, ағым келді. Басқа да қазаққа күліп тұрып, төрге шығып алғандар көп болды. Біздің қоғамда барлығы бай, тек қана қазақ кедей, ақиқаты осы», – деді ол.