Алматы облысында баласынан айырылған әйел перзентхананың 3-қабатындағы терезеден секіріп кетті. Оқиға Қаскелеңде болды, – деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Перзентхананың терезесінен секіріп кеткен әйел жайлы жаңа дерек шықты
1,894
оқылды

Телеарнаның хабарлауынша, 37 жастағы әйелдің жаңа туған сәбиінің жүрегі тоқтап қалған. Ал тұрғынның өзін шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызып, ота жасаған. Туыстар дер кезінде психологиялық көмек көрсете алмады деп медициналық мекемені кінәлап отыр. Әйел бұған дейін де 2 бөбегінен айырылып, күйзелісте болған көрінеді.

Дәрігерлердің сөзінше, бастапқыда әйел өте сабырлы болған. Бірнеше күннен кейін, мінезі өзгеріп, медбикеге қарсылық көрсетіп, терезеден секіріп кеткен. Абырой болғанда аман қалды, иық сүйектері сынып, қолдары зақымданған.

«Мейірбике дәрісін беруге кірген кезінде әйел басқаша сөйлей бастаған. «Сендер мені өлтірейін деп жатсыңдар» деген сияқты өзге де сөздер. Бірден дәрігерлердің барлығын шақырған, бәрі сөйлесті. Әйел босанғаннан кейінгі психомоторный возбуждение әртүрлі уақытта басталады ғой», – дейді Қарасай көпбейінді орталық аудандық ауруханасы директорының орынбасары Қабаева Индира. 

Фото: astana.tv