Калифорниялық 35 жастағы Лорен Вассер Стивен Бартлеттің "Бас директордың күнделігі" подкастында ТSS нәтижесінен кейін өлім мен өмір арасындағы арпалысы туралы бар шындықты айтты. Әйгілі Калифорния моделі айналасы 10 минут ішінде ажалмен бетпе-бет келген оқиғасымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі MailOnline баслымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өлімге 10  минут қалды: тампонның кесірінен аяғынан айырылған модель оқиғасымен бөлісті
1,196
оқылды

Тампоннан туындаған токсикалық шок синдромынан кейін оның жағдайы күрт нашарлағанын, тіпті өлуге шақ қалған. 

"Бастапқыда тұмауға ұқсас белгілер болды. Оның соңы жүрек талмасына әкеп соқтырды. Тіпті, ішкі ағзаларының жұмысы да бұзыла бастады. Дәрігерлер бастапқыда нақты диагноз қоя алмады. Ауруханадағы инфекционист тампоннан болуы мүмкін деген болжам жасап, соңында   сол күдік расталды. Зертхана нәтижелерінен кейін маған токсикалық шок синдромы диагнозы қойылды. Тампондар бактериялар тез көбейетін өнімнен және пластмассадан жасалған екен. Міне, осының салдарынан жағдайым күрт нашарлады. Өміріммен қоштасқандай болдым. Айналасы 10 минут ішінде ажалмен бетпе-бет келгендей болдым",- деді Лорен Вассер.

Сарапшылар гипербариялық оттегі терапиясымен Лореннің аяқ-қолын құтқаруға тырысқан, алайда модельдің оң аяғын кесуге тура келді.

Тампонның салдарынан  өлім аузына дейін барған модель бүгінде әйелдер гигиенасы өнімдерінің қауіпсіздігі тақырыбына қоғам назарын аударып келеді. Ол өндірушілерге тампон жасау кезінде синтетикалық материалдарды қолданбауды үнеуде. 

Қазір Лорен атақты брендтердің жарнамалық компанияларымен белсенді жұмыс істеп келеді. Алтын аяқты модель тампон  өндірушілермен күресін де жалғастырып келеді. Оның айтуынша, тампон өндірісіне диоксин, синтетикалық талшықтар, химиялық хош иістендіргіштер мен өзге де зиянды компоненттер қолданады. 

Лорен күні бүгінге дейін америкалық басшылықты әйелдерге арналған гигиеналық өнімдерді өндірушілерге олардың құрамында қолданылатын компоненттерді денсаулыққа залалын ашық айтуға міндеттейтін заң-жоба қабылдауға насихат жасап жүр. 

Фото: bigpicture.ru