Үндістанның Пенджаб штатында әкесі 16 жастағы қызының үйге қонбағанын біліп, бауыздап тастаған. Бұл жағдай басқаларға сабақ болсын деп қызының денесін мотоциклдің артына байлап, сүйреген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of India сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкесі үйге қонбаған қызын өлтіріп, мәйітін мотоциклге байлап сүйреген
1,383
оқылды

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, әлеуметтік желіде ер адамның мотоциклмен мәйітті сүйреп бара жатқан видеосы тарады. Полиция бейнебақылау камераларынан әкесі қызының денесін теміржолға лақтырып жатқанын көрген.

Қылмыскер куәгерлер болған жағдайды полицияға хабарлаған соң бір күннен кейін қамауға алынды. Алайда ер адам істеген ісіне еш өкінбейді. Ол басқа қыздар сабақ алсын деп қызының өлі денесін мотоциклге байлап сүйреген.

Фото: khmelikvictor.livejournal.com