«Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Су тасқынында қалып қойсаңыздар, құтқаруға мүмкіндік болмауы мүмкін. Осыған орай Іле Алатауына бармағаныңыз жөн», - деп ескертті департамент өкілдері.
Сел қаупі бар жерде не істеу керек:
таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру;
егер қауіп төнсе, немесе кенеттен сел болса, рельефтің ең биік нүктесіне көтеріліңіз;
сел қаупі бар каналдардың жанында, көпірлерде (бөгеттерде) және олардың астында шатыр тікпеу, аялдамау.
«Қазгидромет» таратқан ескерту негізінде Алматының таулы аудандарында және оның іргелес аумақтарында жауын-шашынның жалғасуына байланысты 12-13 тамыз күндері өзендердегі су деңгейі көтеріледі. Кіші Алматы өзендері алабында сел жүруі мүмкін», - деп хабарлады ведомстводан.