Экс-президент Назарбаевтың құлаған ескерткішін фотоға түсіріп, ұсталды деген талдықорғандық журналист Сандуғаш Дүйсенова көпшіліктен көмек сұрады.
Ыстық шай беріп, көңілімді тапты: Сандуғаш Дүйсенова көпшіліктен көмек сұрады
1,245
оқылды

"Бәрінен біліп жасаған, білмей жасаған күнәм үшін кешірім сұраймын! Ойламаған жерден осылай болып қалды! 

Ақшамен, адамдарды алдап, өтірік жазып ұсталсам, өкпе жоқ, ешкімнен көмек сұрамас едім.

Бар жазығым адам өлтірген кісі жазадан құтылып кетпесін, деп айғай-шу көтергенмін!

Сол қағазда оның ИНН кетіп қалыпты! Кто то сохранил и вот 1,5 жылдан сон арыз жазған! Бұл - тапсырыс!", - деп жазды журналист.

Ол өзінің періште емес екенін, бірақ жауыз да емес екенін айтқан. 

"Енді бүкіл Қазақстанның алдында мені әшкерелемекші!

Маған қолдау көрсетіп, жазылушыларыңызға мен туралы шын ақпарат таратып жіберіңіздерші.

11 тамызда полицияда тырдай шешіндіріп видеоға түсірді ғой. (Көпшіліктің алдында шешінген бүртүрлі екен). 

УҰИ-на жапты. Мен ұры емеспін, аферист, наркоман емеспін, неге сүйттіңдер десем, "Бізге осылай жасауды тапсырды" деді! Жылап кешірім сұрайды, деп ойлады, бірақ мен өз-өзімді ұстай алады екенмін! Тап-таза матрац, төсек, көрпе-жастық беріп, сол жердегі балалар естері шықты.  Ыстық шай беріп, көңілімді тапты", - деді Сандуғаш Дүйсенова.

Ол полицияның түнгі сағат 00.40 үйіне жібергенін мәлімдеді.