"Мені аста-төк өмір сүреді деп ойлайтын болса керек, альфонс жігіттер де жиі жағалайды. Бірақ 50-ден асқан шағымда жас жігітпен қолтықтасып жүрсем қыздарыма не тәрбие беремін", - деді Бақыт Шадаева. Айта кетейік, Бақыт Шадаева осыған дейін үш рет тұрмыста болғанын айтқан еді. "Жасырмаймын, мен үш рет тұрмыста болдым. Үшеуі де өте қызғаншақ еді. Сол себепті Құдайдың құтты күні таяқ жеп отырмайын деп, олардан басымды аулақ әкеттім. Дегенмен көңілін білдіретін азаматтар әлі де бар", - деген болатын Шадаева.