Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады.
Өскеменде қуат көзінде тұрған телефоннан өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды
1,234
оқылды

Өскеменде тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 тамызда Өскемендегі Славский атындағы жағалау көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйдің жетінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп жетіп, 20 адамды эвакуациялады. Оның бесеуі бала.

Зардап шеккендер жоқ.

«Пәтерді жалын шарпығанда іште ешкім болмаған. Өрттің шығуына – қуат көзіне қосулы қалған ұялы телефон себеп болды. Көп ұзамай ТЖД қызметкерлері отты толықтай ауыздықтады», - делінген ақпаратта.

Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады. Қызыл жалынмен күреске жеке құрамнан 18 адам және 6 техника жұмылдырылған.