Тінту кезінде 1 келіден астам марихуана тәркіленді.
Көкшетаулық полицейлер жалдамалы пәтерде марихуана сақтаған ер адамды ұстады
535
оқылды

Көкшетауда марихуана сақтады деген күдікпен Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Оның жалдамалы пәтерін тінту кезінде 1 келіден астам марихуана тәркіленді, - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

51 жастағы күдікті Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түскен.

«Күдікті - Жамбыл облысының тұрғыны, Көкшетауға құрылысқа жұмыс істеуге келгені анықталды. Оның жеке заттары мен жалдамалы пәтерін тінту кезінде 1 келі 100 гр кептірілген марихуана табылды. Күдікті марихуананы өзі қолдану үшін ала келгенін айтты. Қазіргі кезде күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деді ведомстводан.