Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа тағайындаулар: Мемлекет басшысы кадрлық өзгерістер жасады
1,424
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен саяси құрылымда жаңа кадрлар тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов Париж қаласындағы (Француз Республикасы) Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.

Фото: akorda.kz