17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдірген
Астанада бес жасар қызды ұрған туысына әкімшілік іс қозғалды
1,305
оқылды

Астанада полиция балабақшаға барғысы келмеген кішкентай қызды ұрған туысына әкімшілік іс қозғады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайттағы деректерге қарағанда, әлеуметтік желіні мониторингілеу барысында белгісіз бойжеткеннің кәмелетке толмаған қызды ұрып жатқан бейнежазбасы анықталды.

Белгілі болғанындай, 14 тамыз күні таңғы уақытта 5 жасар қыз балабақшаға барғысы келмеген. 17 жастағы туысы оның бұл әрекетіне наразылық білдірген.

Бойжеткенге қатысты ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі «Ұрып-соғу» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Қыз баланың заңды өкілдері болған оқиғаны әрі қарай талқылаудан бас тартты. Оларға балалар психологымен жұмыс ұсынылды»,-делінген хабарламада.

Әлеуметтік желі қолданушылардың оқиға елордадағы «Фламинго» тұрғын үй кешенінің жанында болағанын жазған.