Автобус жүргізушісі Үржар аудандық ауруханасының медицина мекемесіне жатқызылды
Абай облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
512
оқылды

Абай облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 тамыз күні таңғы сағат 05.38-де «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөлік жүргізушісі «Таскескен-Бақты» тасжолынан 200 метр қашықтықтағы Ақжар ауылының Абылайхан даңғылында жүріп келе жатып, жолаушы тасымалдап келе жатқан «VANHOOl» маркалы автобуспен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Автобус жүргізушісі Үржар аудандық ауруханасының медицина мекемесіне жатқызылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады.