Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
627
оқылды

15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 км қашықтықта орналасқан Алматы - Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты, – деп хабарлады polisia.kz.

Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Сондай-ақ 28 жастағы Chevrolet жүргізушісі және екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.