Автокөлік және сейф қаладағы көшелердің бірінен табылды.
БҚО-да сейфті тонап жатқандар бейнебақылауға түсіп қалды
1,102
оқылды

Тамыздың 14 күні түнгі сағат 01:11 кезінде Орал қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне белгісіз біреулердің қаладағы кәсіпорындардың бірінің ғимаратына еніп, 59 жастағы күзетшіге күш қолдана отырып, ішінде 30 мың теңге көлемінде қаржы салынған темір сейфті көтеріп алып кеткені жөнінде хабарлама келіп түседі.

Одан әрі қылмысқа барғандар кәсіпорын ғимаратының ауласында тұрған Largus автокөлігіне отырып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Автокөлік және сейф қаладағы көшелердің бірінен табылды. Сейф ашылып, ішіндегі ақша қылмыскерлердің қолында кетті.

Аталған қылмысты ашуға БҚО ПД және Орал қалалық ПБ барлық қызметтері жұмылдырылды. Күдікті ретінде бес тұлғаны анықтап, қолға түсірді.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.