Қуанышқа орай, сәбидің беті жабық болып, аман қалған.
Қарағандыда бір айлық сәби мен ананың үстіне автобус терезесі құлап кеткен
765
оқылды

16 тамызда таңғы сағат 9:45-те 21 жастағы қарағандылық пен оның бір айлық қызының үстіне автобустың бүйір терезесі құлаған, – деп хабарлайды ekaraganda.kz.

Бойжеткен № 5 автобусында Майқұдықтан Оңтүстік-шығыс шағынауданына келе жатқан. Оқиға Достық үйі ауданында болған.


Қарағандылықтың айтуынша, шыны себепсізден себепсіз сынған: жол апаты да болмаған, ешкім тас лақтырып, сындырмаған. Ол жолаушының басына құлаған. Қуанышқа орай, сәбидің беті жабық болып, аман қалған. Жас ана шашының арасынан шыны сынықтарын алып, қолын жарақаттаған.

«Достық үйі ауданында шыны үстімізге құлады. Ешкім түсінбей қалды. Жол апаты болған жоқ. Тас та лақтырған жоқ. Мен қызыммен бірге терезенің алдында отырған едім. Баланың беті жабық болғаны жақсы болды. Оның бетіне шыны сынықтары құлайтын еді. Оның жамылғысы сынықтарға толып қалды. Басымнан да қаншамасын алдым», – деді жолаушы.

№ 3 автопаркі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеген.
Қарағандылықтар әлеуметтік желіде қаладағы жолаушылар көлігінің жағдайына жиі шағымданады.