Жаңа қызмет құжаттарға әдейі өзгертулер енгізуді (қате енгізілмеген өзгертулерді) қарастырады
Қазақстандықтар аты-жөнін eGov арқылы ауыстыра алады
2,187
оқылды

Қазақстандықтар туу туралы куәлік, аты-жөнін өзгерту, некені қию және бұзу, бала асырап алу және қайтыс болған адам туралы актілік жазбаларға үкіметтің электрондық порталында өздері өзгеріс енгізе алады.

"ҰАТ" АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы мәліметінше, жаңа қызмет жеткілікті негіздер және мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде ғана құжаттарға өзгерістер енгізуді көздейді. Мысалы, атын, тегін және әкесінің атын өзгерту секілді өтінімдер.

"Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздерді көрсетіп, растайтын құжаттарды тіркеу арқылы өтінім беруге болады", - делінген хабарламада.

Қандай жағдайларда құжаттарға өзгертулер енгізуге болады:

  • тегін, атын және әкесінің атын өзгерту кезінде;
  • әке болуды анықтау туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда;
  • некеде тұрмаған ананың өтініші бойынша баланың тууы туралы жазбаға баланың әкесі туралы мәліметтерді енгізуге;
  • егер азаматтық хал актiсiн тiркеу кезiнде қателер (бұрмалаулар, мәлiметтердiң немесе жекелеген сөздердiң түсiнiшiнiң болмауы) жол берiлсе;
  • азаматтық хал актілерін жазудағы қателікті сот талқылауында анықтаған кезде;
  • некенің бұзылуына немесе неке жарамсыз деп танылуына байланысты жұбайының (зайыбының) тегін өзгерту кезінде;
  • соттың бала асырап алудың (асырап алудың) күшін жою немесе жарамсыз деп тану, сондай-ақ некені жарамсыз деп тану туралы шешіміне байланысты;
  • ұлтын ауыстырған кезде;
  • ата-анасының тегі мен әкесінің атының өзгеруіне байланысты кәмелетке толмаған баланың тегі мен әкесінің атын өзгерту кезінде және т.б.